Сабақ: Қазақ тілі Тақырыбы: 3 – сабақ. Сөйлем |
Мектеп: «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ |
|||||||||||||||||||
Күні: 29.04.2018ж |
Мұғалімнің аты – жөні: Спанова Арайлым Кабыкеновна |
|||||||||||||||||||
Сынып: 4 «ә» |
Қатысқандар саны: 16 |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
1.1. Оқушылар бір сөзді, екі сөзді, көп сөзді сөйлемнің мағынасын анықтай алады. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, сөйлемнен мәтін құрай алады. 1.2. Жай сөйлемнің түрлерін хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемнің мағынасын біледі. 1.3. Жай сөйлемнің құрамын — жақты, жақсыз, жалаң, жайылма сөйлемдерді өзара ажырата алу. Мәтін, әңгіме, ертегі құрай білу. |
|||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар жасай алады: · Оқушылар бір сөзді, екі сөзді, көп сөзді сөйлемнің мағынасын анықтай алады. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, сөйлемнен мәтін құрай алады . · Жай сөйлемнің түрлерін хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемнің мағынасын біледі. |
|||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көбі жасай алады: · Қойылған сұрақтардың жауабын тауып, ой қорытып, кері байланыс жасай алады. · Оқушылар сөйлемнің не екенін, бір сөзді, екі сөзді, көп сөзді сөйлемнің мағынасын анықтай алады. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, сөйлемнен мәтін құрай алады. · Жай сөйлемнің түрлерін хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемнің мағынасын біледі.
|
|||||||||||||||||||
|
Оқушылардың кейбірі жасай алады: · Жай сөйлемнің құрамын- жақты, жақсыз, жалаң, жайылма сөйлемдерді өзара ажырата алу. Мәтін, әңгіме, ертегі құрай білу. · |
|||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
· Оқушылар сөйлемнің түрлерін талқылайды.
|
|||||||||||||||||||
|
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: Жай сөйлем, жалаң, жайылма, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді талқылайды. |
|||||||||||||||||||
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл: қазақ тілі |
|||||||||||||||||||
|
Талқылау үшін сұрақтар: · Сөйлем дегеніміз не? · Сөйлемнің түрлері? · Жай сөйлем дегеніміз не? · Жалаң сөйлем? · Жайылма сөйлем?
|
|||||||||||||||||||
Алдыңғы білімдер |
1-3-тоқсандағы үйренген білімдеріне негізделіп меңгертіледі. |
|||||||||||||||||||
Көрнекі құралдар: |
үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, бейнежазбалар |
|||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)
Қызығушы- лықты ояту |
Оқушылар хабарлы, сұраулы, лепті болып 3 топқа бөлінеді.
Психологиялық дайындық Көңіл-күйлерің қалай? (керемет) Сабаққа дайындықтарың қалай? (тамаша) Ынталарың қалай? (ғажап) Ендеше бастайық (о-о-о) Қайталау білімнің шыңы Өткенді қайталау. «Сұрақтар жаңбыры» .
1. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем дегеніміз бір ойды білдіреді. 2. Бір ой дегеніміз не? Ой дегеніміз – автордың айтқысы келген басты пікірі. Пікір дегеніміз не? Пікір дегеніміз — …… ары қарай ойын жалғаса береді.
Бейнесұрақ оқушыларға сұрақ қойылады. Балалар сұраққа жауап береді, соңынан жауабы қайта тыңдалады. 3 топқа тапсырма беріледі. 11 жаттығу. Өтірікші қарға. Мысалды тиісті дауыс ырғағымен оқу. 1 топ осы мысалдың ішінен хабарлы сөйлемдерді көшіріп жазады. 2 топ сұраулы сөйлемдерді 3 топ лепті сөйлемдерді көшіріп жазу және оны ары қарай өз ойымен жалғастыру, аяқтау. Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау. Ешкім келмейді.
Қарға сөзіне 1 топ сипаттау мәтінін құрайды. 2 топ пайымдау мәтінін.. 3 топ әңгімелеу мәтінін құрайды.
12 жаттығу. Бастауыш болатын сөз тауып жазу керек. Ара қарай өз ойыңмен жалғастыр. Мұғалім сабақ оқытты. ……… қаңқылдайды. .. ………. етік тікті. ………. сайрайды. ………….. егін екті. ………. ұлиды. …………… мал бағып жүр. ……….. ……………
«ББҮ» кестесімен жұмыс. «Сөйлем» тақырыбы бойынша не білетінін және не білгісі келетінін жазады.
Кестенің алғашқы екі бөлігін толтырады. Жұбымен ой бөлісіп, талқылайды. Оқушылар сабақ соңында сағат тілі бойынша қасында отырған топтағы оқушылардың сабақтағы белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына байланысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс жасайды.
|
Оқушылар орындарында тұрып қазақ тілі туралы 4 жолды өлеңді хормен йтады.
Сұрақты жазып лақтырады, сұраққа жауап берген бала жауапқа сұрақ құрайды.
Топпен жұмыс.
Жай сөйлемнің қай түрі екенін ажыратады. Жалаң сөйлем және жайылма сөйлем құрайды.
«ББҮ» кестесімен жұмыс. Оқушыларға алдын – ала дайындалған кестелерді тарату. |
||||||||||||||||||
Сөз қайталау сабағы (25 минут) |
14 – жаттығуды дауыстап оқи отырып, бір – біріне диктант жаздырады. Жаңбырменен жер көгерер, еңбекпенен ер көгерер. Керек тастың ауырлығы жоқ. Ұстаздан шәкірт озар. Тіл қылыштан өткір. |
Екі мақалдан оқи отырып, бір – біріне диктант жаздыртады. |
||||||||||||||||||
Сергіту сәті (2 минут) |
Бейнежазбадағы қимылды қайталайды. |
Ой сергітеді, шаршағандары басылады.
|
||||||||||||||||||
Ой толғаныс
|
Шығармашылық тапсырма: Талаптыға қонады 1топ. Әңгімені оқып, рөлге бөліп оқу (көрініс келтіруге болады) 2топ. Әңгімені өзің ары қарай жалғастыр. Қалай жалғастырар едің? 3топ. Сары шымшыққа сипаттау мәтінін құра. Уақыт беріледі. Топтар оқып, талқылап болған соң ортада қорғайды. |
Оқулықтан әрқайсысы жеке оқып алады да, 3 түрлі тапсырма орындайды.
|
||||||||||||||||||
Бекіту (8 минут) |
Семантикалық қарта
|
Әрқайсысы жеке орындайды. |
||||||||||||||||||
Қорытынды (5 минут) |
Үйге тапсырма: 15 жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастыру. Құрастырған әңгімеңнің ішінен жалаң, жайылма сөйлемдерді тап. Бағалау: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Кері байланыс: «Пікірлер себеті»
|
Күнделік- теріне жазып алады. Пікірлерін жазып себетке салады. |
||||||||||||||||||