Мамандықтар

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №24 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақ жоспары

«Болашақ мамандықтары» тарауы бойынша

1-сабақ «Мамандықтар»

Кульмагамбетова Назира Советовна

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Болашақ мамандықтары

Сынып: 6

Мектеп: Жезқазған қаласы; ЖОББМ №24

Мұғалімнің аты-жөні: Кульмагамбетова Назира Советовна

Сабақ тақырыбы

Мамандықтар    1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.Т.1.6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру

6.А.2.2. Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

Сабақ мақсаты

1.      Өлеңнің мазмұнын түсіну, сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау

2.      Тақырыпқа қатысты ойларын шынайы өмірмен байланыстыра жеткізу

3.      Ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана отырып диалогқа түсу

Бағалау критерийі

—        өлеңнің мазмұнын түсінеді, негізгі ойды анықтайды;

—        тақырыпқа байланысты ойларын шынайы өмірмен байланыстыра алады;

—        тақырып бойынша диалогқа түседі;

—        ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар (сипаттай алады): өлеңді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды, тақырыпқа қатысты ойларын өмірмен байланыстырады, диалогқа түсуде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады.

Пәнге қатысты терминдер:

Жолын қуамын, жер маманы, құп алдым, қажеттілік, сұранысқа ие.

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: кешіріңіз, рұқсат етсеңіз, өте тамаша, қалай ойлайсыз, рұқсат болса,  көп рахмет, оқасы жоқ, кеңесіңізге рахмет.

Талқылауға арналған сұрақтар:

— Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

— Қандай мамандықтарды  ең қажетті мамандықтар деп ойлайсыңдар?

— Болашақта қандай мамандықты таңдар едің?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтарындағы жалпыға бірдей еңбек қоғамы арқылы оқушыларды кәсіби тұрғыда жетілуге бағыттау, коммуникативті дағдыларды дамыту, өзгенің пікірін құрметтеу, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, информатика, орыс тілі

Алдыңғы білім

Мамандық, оның түрлері туралы түсініктері қалыптасқан және осы бағытта ой қорыта алады. Алдыңғы білімдерін бекіту мақсатында «Өрмекшінің өрнегі» әдісі қолданылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 Психологиялық  ахуал қалыптастыру

-Сәлем,достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды! (құшақтайды)

Топқа бөлу.

Оқушылар таңдаған мамандықтарының қай топқа жататынын анықтап, топқа бөлінеді.

І топ: Адам-адам: мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы.

ІІ топ: Адам-табиғат: агроном, гидролог, эколог, механизатор.

ІІІ топ: Адам-өнер: суретші, әнші, актер, ақын.

 

Кері байланыс: «Өрмекшінің өрнегі» әдісі

Мақсаты: Алдыңғы білімдерін бекіту мақсатында оқушылар «Өрмекшінің өрнегі» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Жауап тез әрі нақты түрде берілу керек.

Сұрақтар:

1. Мамандық деген не?

2. Қандай мамандықтарды білесің?

3. Дәрігер не істейді?

4. Мұғалім не істейді?

5. Кім болғың келеді?

6. Сол мамандықты алу үшін не істеу керек?

ҚБ: «Жақсы!», «Тамаша!», «Жарайсың!» сияқты уәждеу сөздері арқылы ауызша бағаланады.

 

ТЖ. Мәтіналды жұмыс. Тақырыпты болжау.

Тапсырма: Тақтаға назар аудар, суретті жұмбақтарды шешіп, тірек сөздерді анықта.

Орындалу барысы: Оқушылар берілген жұмбақтарды интербелсенді тақтада көрсетілген суреттердің көмегімен шешіп, тірек сөздерді анықтап, жауаптарын дәлелдейді.

Дабылға тез жететін,

Жалынға сүңгіп кететін.

Қақалса да түтінге,

Тайсалмайтын батыл кім? (өрт сөндіруші)

Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (тігінші)

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол.

Дәм мәзірін қаласаң,

Алға ұсынып тұрады. (аспазшы)

-Бұлар ненің атаулары? — деген

сұраққа жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатымен таныстыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ атаулары жазылған парақшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінмен жұмыс.

Сөздік жұмысы. «Тіркесін тап» әдісі

Мұғалім жаңа тақырыпқа қатысты атауларды интербелсенді тақтадан оқып, мағынасын түсіндіреді, аудармасын айтады, оқушылар қайталап оқып, сөз тіркестерін құрастырады.

Жаңа сөздер

Сөз тіркестері

Жолын қуамын

 

Жер маманы

 

Құп алдым

 

Қажеттілік

 

Сұранысқа ие

 

 

Тыңдалым мәтіні.

Т.Молдағалиев «Кім болам?» өлеңінен үзіндіні тыңдап, жетелеуші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

«Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Жолын қуам әйгілі,

Академик ағаның»,-

Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуам атақты

Тоқтар сынды ағаның»,-

«Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың,

Қиналғанда қасына

Бірінші боп барамын»,-

«Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін

Жырмен жаулап аламын»,-

«Нан беретін баршаға

Жер маманы болам мен.

Барып жүрмін бақшаға

Агроном ағаммен…»

Деді Құрман ойланып,

Мен құп алдым айтқанын.

Ал өзім-ақ қой бағып,

Дайындармын ет жағын.

Ж.  1-тапсырма. «Автор ойын анықта» әдісі.

Мәтінді тыңда. Мәтін мазмұны бойынша берілген кестені толтыр.

Орындалу барысы: Оқушылардың  алдына үш түрлі сараланған тапсырмалар берілген кесте ұсынылады.

1-кесте. Өлеңдегі мамандық атауларын және автордың ойын тауып жаз.

 

Мамандық атауы

Автор ойы

 

 

2-кесте. Өлең шумақтарындағы  мамандық атауларын, ол туралы автор ойын және өз ойыңды жаз.

Мамандық атауы

Автор ойы

Менің ойым

 

 

 

3-кесте. Өлеңдегі мамандық атауларын, ол туралы автор ойын тауып жаз және сол мамандықтардың өмірдегі қажеттілігін түсіндіріп жаз.

Мамандық атауы

Өмірдегі қажеттілігі

 

 

Бағалау критерийі:

1. Өлең шумақтарындағы мамандықтар атауы бойынша автор ойын табады.

2. Аталған мамандық бойынша өз ойларын жеткізеді.

3. Аталған мамандықтың өмірдегі қажеттілігін ашып айтады.

Дескриптор:

—          мамандық атауларын табады;

—          автордың ойын анықтайды;

—          аталған мамандық бойынша өз ойларын жеткізеді;

—          аталған мамандықтың өмірдегі қажеттілігін түсінеді.

ҚБ: «Бағалау парақшасы» арқылы топ көшбасшысы бағалайды.

Бағалау критерийі

Ұпай саны

мамандық атауларын табады

 

автордың ойын анықтайды             

 

өз ойларын жеткізеді

 

өмірдегі қажеттілігін түсінеді

 

Барлығы

 

0 – тапсырма орындалмаған.

1 – тапсырма орындалған, бірақ қателері бар.

2 — тапсырма дұрыс орындалған.

 

ЖЖ. «ПОПС формуласы» әдісі

2-тапсырма. Суреттегі мамандықтардың ішінен біреуін таңдап, ПОПС-формуласы бойынша толтыр.

Орындалу барысы: Оқушылар жұптасып қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандық туралы өз ойларын дәлелдейді.

1. «Біздің ойымызша, қазіргі өмірде сұранысқа ие мамандық —  ……………….»

2. Себебі, біз оны былай түсіндіреміз, ……………………………………………….»

3. «Оны біз мына мысалдармен дәлелдей аламыз, ………………………………………»

4. Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдік, …………………….»

Бағалау критерийі:

1. Қазіргі қоғамға қажет мамандықты анықтап, мысалдармен дәлелдейді.

2. Өз ойларын шынайы өмірмен байланыстыра отырып қорытынды жасайды.

Дескриптор:

—          қазіргі қоғамға керек мамандықты анықтайды;

—          оны мысалдармен дәлелдейді;

—          өз ойларын қорыта алады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бір-бірін өзара бағалайды.

 

Мәтіннен кейінгі жұмыс.

ТЖ. «Диалогқа даярлықсыз түсу» әдісі.

3-тапсырма. Ұсынылған тақырыптар бойынша келесі топқа берілген сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана отырып сұрақтар дайында, диалогке түс.

І топ: «Дәріханада» — фармацевтке сұрақтар дайындайды.

ІІ топ: «Кітапханада» — кітапханашыға сұрақтар дайындайды.

ІІІ топ: «Киім дүкенінде» — сатушыға сұрақтар дайындайды.

Орындалу барысы: Әр топқа аталған диалог тақырыптары беріледі, сол бойынша «кешіріңіз, рұқсат етсеңіз, өте тамаша, қалай ойлайсыз, рұқсат болса,  көп рахмет» сияқты сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана отырып сұрақтар құрастырады және сағат тілімен келесі топ мүшелерімен диалогқа түседі.

Бағалау критерийі:

1. Тақырып бойынша сұрақтар құрастырады.

2. Берілген сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады.

3. Сұрақтар негізінде диалогқа түседі.

Дескриптор:

— сұрақтарды тақырыпқа сәйкес құрастырады;

— диалогта сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;

— сұрақтар негізінде диалогке түседі.

ҚБ. «Қосу. Алу. Қызықты» әдісі арқылы топтар бір-бірін өзара бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті, 6 сынып, Алматы «Мектеп» 2018, 91-бет,       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға берілетін жеке таратпа кестелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, мамандыққа байланысты суреттер,

ПОПС-формуласы жазылған парақшалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«кешіріңіз, рұқсат етсеңіз, өте тамаша, қалай ойлайсыз, рұқсат болса,  көп рахмет, оқасы жоқ, кеңесіңізге рахмет» сөздері жазылған парақшалар

Сабақ соңы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді.

1.Бас бармақ – басты мәселе.

Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балаң үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым?

3.Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай білім алдым?

4.Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?

5.Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен өзімді қалай сезіндім?

Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» әдісі.

Оқушылар стикерлерді «Жетістік баспалдағына»  жабыстыру арқылы өздерінің қай сатыда тұрғанын көрсетеді.

 

Үйге тапсырма:

Берілген кестенің негізінде болашақ мамандықтары туралы жазып келу.

 

Өз болашағымды бүгіннен бастаймын

Аты-жөнім:___________________________

Өмір жолымдағы мақсатым:_____________

Таңдайтын мамандығым:________________

Оған қол жеткізудегі міндеттерім:_________

 

 

 

 

 

 

       

 

Саралау

Бағалау

Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын сақтау

Сабақ барысындағы тапсырмалар «Мақсат бойынша саралау» түрі негізінде оқу мақсаттарына жетуде  спиральды оқыту қағидаты бойынша жеңілден күрделіге қарай оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланады. Тапсырмалар Блум таксономия сатылары ескере отырып берілді. «Нәтиже немесе жауап бойынша саралау»  түріне «ПОПС формуласы» әдісін қолдана отырып, суреттегі мамандықтардың ішінен біреуін таңдап, формула бойынша толтырады.

Мәтінмен жұмыс тапсырмасын орындауда «Сабақтағы жылдамдық бойынша саралау» түрі бойынша оқушылардың қажеттілігін саралау қарқын(темп) және қолдау түрлері арқылы жүргізіледі. Қарқыны жылдам, қарқыны орта және қарқыны баяу оқушылар үшін үш деңгейлі тапсырмалар кестесі беріледі.

Саралаудың «Диалог негізінде саралау» түрі бойынша   «Диалогқа даярлықсыз түсу» тапсырмасында  барлық оқушыларға қолдау жүргізіледі. Диалогқа түсу үшін ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларына сай пайдалы тіркестер беріледі.

   Сабақ барысында саралау тәсілдерін қолдану –оқушылардың түрлі қажеттілігін ескере отырып қолдау көрсету қажеттігінен туындайды.

 

Сабақ бойында оқушылардың оқу жетістігіне жетуінде әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақта оқушылардың өзін-өзі бағалау,өзара бағалау түрлері қолданылады. Атап айтсақ, «Бағалау парақшасы» арқылы оқушы өзін-өзі бағаласа, ««Екі жұлдыз, бір тілек», «Қосу, алу, қызықты» әдістері арқылы бағалау оқушылардың бір-біріне дескрипторға негізделген кері байланысы арқылы жүргізіледі.

Оқушылардың сабақтан алған әсері, білімі, дағдылары «Бес саусақ» рефлексиясы арқылы қорытындыланады.

 

Оқу барысында сыныптағы қолайлы ахуалды сақтау   және сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері қолданылады.

Мұндай әдістер оқу мақсатын жүзеге асыруға, денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтауға ықпал етеді.

Пәнаралық байланыс орнатуда оқу ортасында қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі.

Сабақ бойында интербелсенді тақта тапсырмаларды тереңдету мақсатында қолданылатындықтан қауіпсіздік ережесі сақталуы және дұрыс құрылған оқу ортасы болуы қатаң сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *