Отбасы құндылықтары 4- тоқсан.  11-сабақ

Павлодар қаласы №14 ЖББОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Пән: Қазақ әдебиеті 5- сынып

Сабақ

   №10

 

Күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы

Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан.  11-сабақ.

Бөлім

Шығармашылық жұмыс. БЖБ

Оқу мақсаты

5А/И4 Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу

Оқушы мақсаты

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

БЖБ тапсырмаларын орындайды.

Ақпарат көзі

Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.

Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева

Жұмыс реті

Сабақ мазмұны

Болжа

5-тапсырма

Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз әже қандай болуы керек? Не себепті олар әжені көруді армандады? Берілген екі эпизодты салыстырып, өз әжелерінің портретін құрастырыңдар

І-  «Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеңе істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады…». «Ұршық деген немене?» – дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде сәбилер түсіне бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі қарай жалғастыра түсіп, әжейдің үстіне қамзол, басына кимешек, шылауыш киетінін айттым.

ІІ — Әпкесі үшін жауап берген тағы да Райхан:

– Жоқ, айтпады. Ол кісі ертегі білмейді екен.

– «Білмейді» дейді? Қой, білмегені қалай? – деп Балқыз сұраулы көзін маған қадай берген еді, қарап тұрмай Райхан тағы киіп кетті:

– Папа, айтшы. Ол өзі әже емес қой деймін, ә?

– «Әже емесің» не қызым-ау. Енді кім екен, ә? Қой,

олай деп айтпа, ұят болады.

– Жоқ, папа. Ол – әже емес. Ол – жай ғана бабушка. Өйткені бәрі «бабушка» деді ғой. Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың.

Дескриптор   Білім алушы

1.      Әженің бейнесіне анықтайды

2.      Өз әжесінің бейнесін сипаттайды

 

Орында   

БЖБ тапсырмасын орында.

Үй жұмысы

Үйге тапсырма: қайталау.

Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе  WhatsApp   нөмірге жібер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *