Сабақтың тақырыбы |
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 3-сабақ. |
Бөлім |
Әңгімедегі образдар жүйесі. |
Оқу мақсаты |
5.А/И1 Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу. |
Оқушы мақсаты |
Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табады. |
Ақпарат көзі |
Оқулық: Қазақ әдебиеті 5-сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж. Авторлары: А.С. Ақтанова. А.Қ. Жүндібаева |
Жұмыс реті |
Сабақ мазмұны |
Болжа |
«Ой қозғау» әдісі . Білу.Түсіну Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» сұрақ-жауап қойылады . 1. — Есмағамбет пен Сержан алғашқыда бірін-бірі танымайды — …..
2. Есмағамбет атасы балмұздақ алып бермеді — ….. 3. Сержанның анасы қасында жоқ – …. 4. Сержан қалаға аттанып кетті – …… 5. Анасы баласын атасына қалдырып кетті – …… 6. Ең бірінші жақсы көретінім – Балмағамбет атам– ….. 7. Есмағанбет қалаға аттанғанда баланың «өңіне бір кірбің, көздеріне де мұң ұялағандай еді…»– ……. 8. Балмұздақтың қалғанын ешкімге бермей, өзім жеймін – …… |
Орында |
Тапсырма: Кейіпкерлердің портретін қазіргі өмірмен салыстыра отырып жалғастыра отырып, суреттеп жаз. 1. Сержан: Ата-анасын сағынған Сержан,Уәдеден үміттенген Сержан,Арманы орындалмаған Сержан. 2. Есмағамбет: Есмағамбет- балажан,мейірімді,ата-анасын сағынған Сержанды қалаға алып кеткісі келді 3. Балмағамбет: Сержанның нағашы атасы, қандай адам? 4. Күміскүл: Күміскүл-мейірімді,баласын асырау үшін қаражат тауып жатқан ана.Баласының қауіпсыздығы үшін нағашысы Балмағамбеттің отбасына әкеліп тастаған ана. Кері байланыс. Кестені толтыру. «Тілек беті» әдісі бойынша. |
Үй жұмысы |
Оқулықтағы 134-беттегі 3-тапсырма. Шығармашылық жұмыс. Орындаңдар. Берілген тапсырманы толық орындап, күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер. |