АҚҚУРАЙ

АҚҚУРАЙ (Psoralea) — бұршақ тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда сүйекті А.түрі кездеседі. Ол Оңт. Қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. Биікт. 100 — 120 см, кейде 200 см-дей. Тамыры тереңге кетеді. Бұтақтанған түкті сабағы тік болады. Жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығында орналасады. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Тамыз — қыркүйекте жеміс береді. Жемісі көп тұқымды бұршақ. А- дан жақсы сүрлем шөп дайындалады. Бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. Оның 1 га-нан 10 — 25 ц шөп жиналады. Оңт. Қазақстан обл-нда 3 — 4 мың га қоры бар. А,— құрамында эфир майы болғандықтан медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *