ҰЛЫ ЕРЛІКТІ ҰЛЫҚТАЙЫҚ



Букетова Қымбаткүл Артықбекқызы

№177 ЖББ бастауыш сынып мұғалімі

Жетісу ауданы

Алматы қаласы

 Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты. Біз бүгін «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоғын қойып, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз, – деді елбасы Н.Ә.Назарбаев. Біздің бақытты, тәуелсіз өмір сүріп жатқанымызға, ұлы Отан соғысының аяқталғанына, мінеки, 75 жыл толды! Біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз.

Жеңіс күні – бұл мереке еңселі елдің рухы өрлеп, жеңіс туының көкке шыққан күні. Соғыс адам жаратылысының ғаламат құпияларының шексіздігін көрсетті. Ел басына күн туған кезеңдерде рух пен намыстың мықтылығы сыналды. Жері мен елі үшін қан майданда беріле соғысып, жанын пида еткен, жақын-жарандарына, туып өскен елді-мекеніне оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске алатын күн. Ерліктің айбыны, жеңістің жақындай түсуіне бірден-бір себепкер тылдағы жұмысшылардың ерен еңбектері мәңгі жадымызда.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төртте бейбіт ұйқыда жатқан елге фашистер тұтқиылдан шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысы басталды. Тұтқиылдан шабуыл жасаған фашистердің соғысы кімде-кімге үрей салғаны рас. Тұтқиылдан жасалған шабуылға біздің аталарымыз бен аналарымыз жап-жас күйінде қолдарына қару алып соғысқа қатысты.

Өз ұлтын шексіз сүйген адамдардың бірі – әкем Букетов Артықбек. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестетін газет журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, аталар ерлігін мақтаныш тұта маған айтып отыратын. Кеңес одағының әскері қызыләскер құрамында қызмет еткен. Соғыс басталған жылдарды, 18 жасында Ұлы Отан соғысында болғаны жайлы маған айтқанда мен үшін ең батыр адам – әкем болып көрінетін. Қазір де әкем мен үшін – ұлы тұлға, ұлы батыр. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.

Біздің бабаларымыз  ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті – деп елбасы халқына үндеу жолдады. Мінеки, соғыста көптеген жауынгерлер бізге бейбіт өмір сыйлау үшін көз жұмды. Біз қазіргі күні солардың өмірімен келген тыныш, жарқын күнде өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысының ерлікке толы қаһарлы жылдары бірте-бірте алыстап барады. Бірақ батырларымыздың дүние жүзін фашистік құлдықтан аман алып қалған ғажайып ерліктерін ешқашан ұмытпақ емес.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *