Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану

Искалиева Зергул Ергалиевна

                             бастауыш сынып мұғалімі

                             педагог-сарапшы

                             Орал қаласы №33 жалпы орта білім беретін мектебі

                  Баяндама тақырыбы: «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану»

МАҚСАТЫ: Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт  беру. Мектепішілік озат тәжірибелі мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Интерактивті оқыту дегеніміз не?

  • Интерактивті оқу (оқыту) – әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену (үйрету).
  • нақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жол деп есептеледі, себебі адамның жадында бірінші кезекте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны қалады.
  • Ағылшын тілінен келген «interaktiv» сөзіндегі «inter» «өзара» мағынасын, ал «akt» «әрекет жасау» дегенді білдіреді.
  • интерактивті әдістер – үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа ықпал жасайтын әдістер.

Интерактивті оқытудың негізгі қағидаларымен мақсаттары :

  • 1 — қағида: Орта қалыптастыру

Мақсаттары:

  • білім алушылардың оқып, үйренуде өз әрекеттерінің нәтижелі екендігін сезінуіне жағдай жасау;
  • білім алушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас орнату;
  • оқушыларға білімді дайын күйінде бермей, өз бетімен ізденуге бағыт -бағдар беру.
  • 2 — қағида: Әрекет арқылы үйрету/үйрену

Мақсаттары:

  • -оқушыларға білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін ұғындыру;
  • — оқушыларды белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекеттерін ұйымдастыру.
  • 3 — қағида: Өмірмен байланыстыру

Мақсаттары:

  • — үйрету/үйренуді тәжірибелік әрекеттерге негіздеу, пән мен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын мәселелерді шешу деп қарастыру.

Білім берудің кейбір тәсілдерін қолданғанда ақпараттың 24 сағат ішінде есте сақталуы

Тәсілдер

Есте сақталу деңгейі

1

Лекция

5%

2

Кітапты, мәтінді оқу

10%

3

Аудио және видео құралдарды қолдану, жазу

15%

4

Кесте, сурет, жоба басқа да көрнекіліктерді көрсету

30%

5

Пікірталас, талқылау

50%

6

Практикалық іс әрекеттер

75%

7

Үйренген білімді дереу қолдану, басқаларды үйрету

90%

 

Оқытудың интерактивті технологиясы- бұл ұжымдық, бірін бірі толықтыратын , білім алушының оған қатыспай қалуы мүмкін емес оқытуды ұйымдастыру үрдісі, ол таным процесінде оқып үйренуде оған  барлық қатысушылардың өзара бірлесіп әрекет жасауына негізделген.

Интерактивті  оқыту әдістері:

  1. Жұптасып жұмыс жүргізу — Работа в парах
  2. Айналым – карусель
  3. Аквариум
  4. Броундық қозғалыс — Броуновское движение
  5. Шешім ағашы – Дерево решений
  6. Позиция таңдау — Займи позицию
  7. Кейс-стади (нақты жағдайды талдау)
  8. Рөлдік ойын – Ролевая игра
  9. Зерттеу (жобалар) — Исследования (проекты)
  10. Семинар – пікірталас – Семинар-дискуссия
  11. Ой қозғау – Мозговой штурм
  12. Дөңгелек стол — Круглый стол
  13. Іскерлік ойын — Деловая игра

Интерактивті оқыту тараптар арасындағы контакт, қарым қатынас, бірлескен жұмыс арқылы жүзеге асырылады

  • Бір бірімізді, тыңдай білейік
  • Бірлескен жұмыста актерлер мен көрермендер жоқ, бәрі де қатысушылар!.
  • Әрбір қатысушы өз пікірін білдіруі керек.
  • Біреу сөйлегенде, оның сөзін бөлмейік!
  • Жеке бастың қасиеттері сыналмай, тек пікірлер ғана сыналады.
  • Мәселе жеңіске жетуде емес, басқалардың пікірін біліп, шешімнің ең тиімді жолын табуда.
  • Басқалардың пікірлерін сыйлайық!
  • Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!
  • Бір мәмілеге келуге атсалысайық!

Жанжалдарды болдырмауға ұмытылайық!

Интерактивті оқыту әдісінің түрлері:

  • Интерактивті оқытуда проблемалық лекция, семинар, топтық тақырыптық пікірталас, нақты ситуацияны талдау әдісі, инцидент әдістері, блиц-ойындар, мини-ойындар, компьютерлік ойындар т.б. кеңінен қолданылады.
  • Пікірталас – аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір өзекті проблема бойынша өзіндік көзқарастары мен пікірлерімен алмасып, оларды дәлелдеп, өзге позициялармен танысып, тиімді шешім қабылдау әрекеті.
  • Пікірталас – оқу және оқытудың тиімді тәсілдерінің бір. Себебі, білім алушылар қандай да бір өзекті мәселені немесе проблеманы талқылауда өздерінің теориялық және практикалық білімдерін жинақтап, оларды қолдана отырып, өз көзқарастарын жеткізуге, шешім қабылдауға, өзге пікірлерді ескеруге және оларды айналымға түсіруге үйренеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әлімов Ә.Қ. «Интербелсенді оқу әдістемесін  мектепте қолдану»
  2. Интернет желісінен алынған материалдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *