АҚҚУ — Павлодар обл-ның Лебяжі ауд-ндағы ауыл, пристань, аудан орталығы. 1996 жылға дейін “Лебяжье” деп аталды. Павлодар обл-ның оңт.-шығысында, Ертіс өз-нің оң жағалауында, Павлодар — Семей автомоб. жолының бойында орналасқан. Іргесі 1744 ж. қаланды. Атауы Аққулы (Лебяжье) к-не байланысты қойылған. Тұрғыны 3,6 мың адам (1996). 1939 жылдан аудан орталығы. А-да орта мектеп, аудандық газет баспаханасы, балабақша, аурухана, емхана бар.