Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты үндеуі жарияланды. Осыған орай, елімізде төтенше жағдай режимі енгізіліп, барлық оқыту жүйесі қашықтан оқыту форматына көшетіні белгілі болды. Қашықтан оқыту мәселесі көтерілген алғашқы күндерде №104 жалпы білім беретін мектептің басшысы А.А.Мұхтарқұлова қолжетімді бағдарлама арқылы ONLINE түрде ұжыммен конференция өткізді.Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды жүзеге асыру бойынша қадамдық нұсқаулықпен таныстырып өтті.Сонымен қатар қашықтан оқытудың мектепішілк жоспары, жүргізілетін пәндер және қашықтан оқыту бағдарламалары мен нұсқаулықтары қарастырылып, талқыланды. Осы орайда мектеп ұстаздары алдағы уақыттағы жұмыстарын тиянақты жоспарлауға көмек алды.
Мектептерде сапалы интернет мәселесі, кейбір оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше оқушы болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтардың да шешімін мектеп басшысы Айза Алпамысқызы қарастырып, әлеуметтік жағдайына қарай оқушылардың білім алуына толық мүмкіндік жасады. Атап айтқанда, мектептегі техника құралдары уақытша пайдалануға берілді.
Күнделікті балаларды көріп үйреніп қалған ұстаздар қауымы үшін бұл оқыту жүйесі ерекшеленді. Мұғалімдер өздерінің педагогикалық шеберліктерін арттырумен айналысып, әдістемелік қоржындарын толықтыруды бастады.Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзыреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауда.
Ата-аналар да өз тараптарынан қолдау көрсетіп, түсіністік танытып, балалардың сабаққа қатысуын, сабаққа деген ынтасын қадағалап отыр.
Оқушылар үшін де, мұғалім үшін де алғашқы аптада алаңдаушылық пен үрей басым болды.Арнадан көрсетілетін сабақтың уақытына сәйкестендіре
отырып, сабақ кестесі жасақталды. Білім алудың маңызын түсіне білген ата-аналар бұл жағдайдан да жол тауып, желіге толық қосылып үлгерді. Аз уақыт ішінде ата-аналарының көмегімен оқушылары қашықтықтан білім алуға төселіп кетті.
ІV тоқсан өзгеше басталып, өзгешелігімен есте қалатындай болды. Оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар үшін бұл өзгешелік оңайға түспесе де, «бір жағадан бас, бір жеңнен бірге қол шығара» отырып төселіп қалдық.Қашықтықтан оқудың тиімділігі мол.Оқушылар қашықтықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйелерін пайдалану мүмкіндігі артады. Оқушылар телефонды ойын құралы емес, білім алатын тетік екенін де ұғынды. Бұл жүйенің тиімді екенін уақыт дәлелдеді.Қашықтан оқыту ата – аналар үшін басында қиын болғанымен уақыт өте келе ұстаз бен ата – ана арасындағы тығыз байланыстың арқасында бәрін жеңуге болатындығын дәлелдей түскендей.Әрине, бұл жүйемен тұрақты қалмасымыз анық.
Елдегі уақытша қиындықты да еңсеріп, болашақтың жарқын бүлдіршіндеріне жан-жақты білім беруден жалықпайық.
Мадаутова Зульфира Кайрбековна
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары