Менің өмірге көзқарасым басқалардан ерекшелеу. Себебі, мен кішкентайымнан ұлы адамдардың өмірін оқып, ұлағатын сезініп, тәлімін сіңіріп өстім. Ең алғаш Абай ақын туралы оқығаным бар. Кейін уақыт өте келе басқа да ұлы тұлғалар туралы кітаптар оқып, фильм көре бастадым. Өмірге деген көзқарас уақыт өте келе қалыптасады. Адам қоршаған ортасынан, оқыған кітаптарынан, сөйлескен адамдарынан, таныған тұлғанын тұрады екен. Яғни, оның бойында көрген-білген нәрселерінің бәрінен жұрнақ бар деген сөз. Менің мейірімділігімде Оскар Шиндлердің еврейлерді құтқарғандағы оқиғасынан алған тәлім жатқан шығар. Өмірге қызығушылығымда Виктор Франклдың лагерьдегі тағдырына беріктігі, ұлы ісі жатқан шығар. Ар-ұятымда Ахмет пен Абайдың халық үшін еңбек еткендегі өнегесінің ізі байқалар… Міне, өмірге көзқарас деген осылай қалыптасты деп ойлаймын.
Adam Iman