Дарындылықты анықтаудың психологиялық жолдары

 Ертедегі Қытайда  дарынды балаларды «Шэнь тон», яғни киелі  бала деп атаған. Расында дарынды балаларды  киелі бала деп  атауға болады. Бірақ осы дарынды балаларды дер кезінде байқап,  оларға дұрыс жол сілтеу қажет. Жалпы педагогика-психология  ғылымында  «дарындылық» мәселесіне  қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.  Дарынды бала-ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт. Басқа сөзбен айтқанда, дарындылық-ол жоғары потенциялы  бар,  шығармашыл тұлға; өзінің алдына ғылыми-техникалық  мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін -адам. И.С.Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын  көрсетті. Олар:

  1. Ақыл –ой деңгейінің  жоғарлығы ерте кезден байқалатын балалар;
  2. Мектептің жекеленген  пәндеріне  және әр түрлі  іс-әрекетіне 

   қабілетті балалар,

  1. Қабілеттері  айқындалмаған потенциалды балалар;

    Дарынды баланың дарынды ересектен ерекшелігі – ол әлі толық қалыптаспаған  тұлға, оның болашағы анықталмаған. Оның  қабілеттерін дамыту қажет. Платон, А.Кастлер, Ф.Гамильтон сияқты ғалымдар дарындылық туа  біткен қасиет деген.

   Декорт, Гообс, Локк сияқты ғалымдар дарындылық  адам баласының  даму барысында  тәрбиеге байланысты  дейді. Сонымен дарынды бала- ол кім?

     Психологиялық педагогикалық зерттеулердің  нәтижесі бойынша  дарынды баланың  бейнесі анықталды.

  1. Интеллектуалды және ақыл- ой  белсенділігі бар  бала сөйлеу  белсенділігінің  жоғарлығымен,  ойының ұшқырлығымен,  байқағыштығымен,  мәселені шешуде  жан –жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында  көсем болумен,  есте сақтауының  беріктігімен т.с.с  қасиеттерімен ерекшеленеді.
  2. Бейнелеу өнері бар бала-  сурет салуға көп уақыт бөлінуінен,  көргенін есте сақтауымен,  сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.
  3. Әнге қабілеті  бар балалар- ән сабақтарына  аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалық  бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.
  4. Қозғалыстың белсенділігі  бар бала  жаттығуларды орындауда  тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына  дене күші  күшті болып келеді.

  Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар, (әдістемелер тесттер, сауалнамалар, эксперимент зерттеуі) т.б.қажет.

    Дарындылық диагностикасы балалардың қабілеттілігін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. Сондықтан балалар  дарындылығының диагностикасында әдістерді таңдау мен қолдануда педагогикалық жағынан аса мұқият болған жөн. Диагностика үрдісін жүзеге асырушы педагогтар мен психологтарға ғылыми принциптерді жетекшілікке алып, балалар дарындылығын бағалау құралдарын өте мұқият таңдау қажет. Біздің бала қабілеттілігін диагностикалау жұмысымыз оның ішкі қабілеттілігін бағалауға арналған. Кейде біз, баланы дарынсыз дей отыра, оның бүкіл психикасын мүгедек етуімізде мүмкін.

  «Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет». Демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңінде Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарынын белгілеуде дарынды балалар проблемасының өткір  көрінуі мүлде кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез – келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау, қорлар мен  қызмет бөлісу сияқты атқарылатын реттеуші қызметті ой,  мақсаттарының ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда аса дарынды адамдардың маңызды роль атқаратындығы даусыз. Міне сондықтан да бұл проблема шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, дарындылықпен жұмыс мәні – адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш – қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.

         Дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара  тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн.

Алматы облысы,Балқаш ауданы

«№2 Жамбыл атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен»        

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

педагог-психологы Найзабекова

Меруерт Тынышбековна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *