АҚҚАҢБАҚ

АҚҚАҢБАҚ (Gypsophila) — қалампыр тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аймақтарында 20 түрі өседі. Әсіресе, ең көп тараған түрі — ш а ш а б а с А.  Ол шалғынды, құмды далаларда, өзен бойларында, сортаң жерлерде өседі. Биікт. 20 — 100 см. Тамыры жуан, диам. 3 м- ден асады. Тік бұтақтанған дара, кейде бірнеше сабағы түзу болып келеді. Майда ақ, шоғырланған гүлдері, сыпыртқы тәрізденіп бытыраңқы орналасады. Маусым—шілде айларында гүлдейді. Егістік орнына өскен А-тан 1 га жерінен 40 — 50 ц шөп алынады. А- тың тамырында ветеринария мен медицинада пайдаланылатын сапонин алкалоиды (30%-ке жуық) бар. Тамыр ұнтағы жүн жуу, сабын, шампунь өндіру өнеркәсібінде қолданылады. Шөбінің тұнбасы бауыр ауруын емдеуге пайдаланылады. Пішенін түйе мен қой сүйсініп жейді. А-ты әсемдік үшін қолдан да өсіреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *