АҚ ҚАЛАҚ

АҚ ҚАЛАҚ (Mustela nivalis) — сусар тұқымдасына жататын кішкентай аң. А. к-ты кейде ақ қия немесе ақ кұлақ деп те атайды. Қазақстанның орман- тоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл, шөлейтті жерлерінде кездеседі. Дене тұрқы 13,6 — 19,2 см, құйрығының ұз. 2,3 — 3,7 см, салм. 43 — 250 г келеді. Сыртынан қарағанда ақ кістен айнымайды. Жазда арқасының жүні қызыл қоңыр не қара бурыл, бүйірі қоңырлау, бауыры ақ тартады, қыста жүні аппақ болады. Негізінен, ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Жылына аналықтары 3—12 күшік туады. А. қ. — пайдалы аң. Оның әрбіреуі жылына ауыл және орман шаруашылықтарына орасан зор зиян келтіретін 2,5 — 3 мыңдай ұсақ кеміргіштерді құртады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *