АЛТЫН ОРДА

Биыл Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Алтын Орда  деп о баста Батудың Жайық пен Еділдің аралығындағы ордасы аталған. Бұл атау қайдан шығып еді? Бүгінде бұл сұрақтың нақты жауабы жоқ деген пікір қалыптасқан. Дегенмен, жазба деректердегі жаңа мәліметтерге сүйене отырып, болжам жасауға болатын секілді.

Рашид әд-Дин Шыңғыс ханның туған жерге оралуын баяндай келе, мынадай қызықты деректерді алға тартады. Шыңғыс хан Букаса-Жику деген жерге жеткенде, сол жерге «Орду-и-Бузург зарин», яғни, Үлкен Алтын Орда тігуді бұйырады.

Бұл – «Алтын Орда» тіркесі кездесетін ең ескі жазбалардың бірі болып табылады. Деректен Алтын Орда деп бастапқыда Шыңғыс ханның өз ордасы аталғанын көреміз. Шыңғыс хан қайтыс болған соң, осы атау Бату ханның ордасына көшкен-ді. Әрине, бірден емес, 1242 жылы Бату «Алтын әулет» Бөржігенге бас болғаннан кейін ғана. Тап сол кезде оған «Қаған ақа» атағы беріледі. Бұл «Үлкен Ұлы хан» деген ұғымды білдіреді. Оның мұндай атағы парсы тілінде жазылған еңбектердің авторы әл-Жуайнидің деректерінде алғаш келтірілгенін айта кету керек.

Көптеген жылдардан кейін, Алтын Орда деп Бату ханның бас ордасы ғана емес, сонымен қатар, шығысындағы Ертіс пен батысындағы Дунай жағалауына дейінгі аралықтар да аталатын болды. Өйткені, бұл жерлердің барлығы Батудың қол астына қараған. Міне, «Алтын орда» жайлы мәліметтер осындай. Дегенмен, бұл жайлы әлі деректер аз деп ойлаймын. «Алтын орда» тарих беттерінде алтын әріптермен жазылып қалатыны сөзсіз.

СЬЕЗ АХБОТА

Филология бөлімінің студенті,

Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары

қазақ педагогикалық колледжі.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *