АЛТЫН ОРДАҒА – 750 ЖЫЛ  

 

 

         Ұлан-ғайыр қазақ өлкесі өткен ғасырдың алтын ширегінде кемеңгер тұлға Шыңғыс хан қалаған ұлы империяның құрамында болғаны баршамызға мәлім. Күллі Еуразия жұртшылығын ерен ерлігімен тамсандырған, есімі тарих пен халық жадынан ешқашан өшпейтін ұлы әмірші, атақты қолбасшы Шыңғыс хан өзінің ұрпақтарына ұлы дала елін көзі тірісінде еншіге үлестіріп берді. Ұлы қаған ұлысының бір бөлігін алып, әке үмітін жерге тастамаған дара ұрпақтар қазақтың киелі жерінде өз дербес мемлекеттерін құрды. Жарқ тұлғаның жалынды ұрпақтары қалаған алыпмемлекеттерге ешбір алпауыт дауыл қарсы тұра алмастай болған еді.

Көненің көзі мен көсемнің сөзіндей  қадір мен қасиетті бойларына жиып, әлемдік аренаға зор мәртебемен енген мемлекеттер – Алтын Орда, Елхандар мемлекеті және Юань патшалығы.

         Шыңғыс хан империясының өң бойында дүниеге келіп, тарихтың сахнасына тайға таңба басқандай алтын әріппен кірген  мемлекеттердің бірі – Алтын Орда.  Алғашқылардың бірі болып, өз атына лайық екі жарым ғасыр баянды да бақытты ғұмыр кешкен, ірі де іргелі мемлекет Алтын Орданың биыл 750 жылдығы.

Іргесі мың жыл бұрын тарихтың қойнауына сіңген Алтын Орда өз дәуірінде еңқуатты мемлекет бола білді. Шыңғыс тарихынан сыр шерткен мемлекеттің әсемдігі мен өркениетін тамашалауға талай елден елшілер келді. Алтын Орданың бас шаһарлары болған Бату Сарайы, Берке Сарайы, Сарайшықты көпестер мен саудагерлер жиі аралап, қала мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосқан.

         Әлемдік өркениет пен мәдениеттің қайнар бұлағы мен жеті қазынасының бірі, ұлы дала елінің басты субстанциясы атанған Алтын Орда шамамен 1243-1503  жылдар аралығында Еуразия құрлығында өз үстемдігін жүргізген. Керегесі биік кең өлкенің бойында құрылған Алтын Орданың аумағы Ертістен Дунайға дейінгі 10 шақырымдық жерде салтанат құрған болатын. Жошы ұлысының орнына ешкімге тәуелсіз, бейбіт тіршілік еткен, ерікті мемлекет Алтын Орданың негізін қалаған баһадүр әрі қайсар хан Бату еді.

Зайырлы мемлекеттің құрамының басым көпшілігі түркі тайпаларынан болған. Сауда-саттық пен мәдениеті экзистенциялық жол қылып алған Алтын Орда тарих бетінде өшпестей із қалдырып, алтын атауын сақтап, ұлы мемлекет болып қалды.

КУРМАНАЕВА АЛТЫНШАШ ЖАНАРБЕКОВНА

Филология бөлімінің студенті,

Ж.Мусин атындағы Көкшетау  жоғары

қазақ педагогикалық колледжі.

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *