АҚКҮЙЕ

АҚКҮЙЕ — аморфты кремний қос тотығы (SiO2), майда дисперсті ұнтақ зат. Оның табиғи түрі — диатомит тау жынысы. А. к. кристалдық кремний қос тотығына қарағанда табиғатта аз кездеседі. А. к. кремний қышқылын күйдірген кезде алынады. Оған балқытқыш қышқыл ғана әсер ете алады: Sі02+4НF = = SiF4 + 2Н20. Бұл реакция тек кремний қос тотығына тән. А. к. резина толтырғышы ретінде пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *