АҚКӨЛ АУДАНЫ

АҚКӨЛ АУДАНЫ — Ақмола обл-ның солтүстігіндегі әкімш. аудан. 1928 ж. құрылған. 1997 жылға дейін Алексеев ауд. аталып келді. Жерінің аумағы 11,0 мың км2. Тұрғыны 41,9 мың адам (1997). Ауданда 1 қалалық, 11 ауылдық әкімшілік округі бар. Орталығы — Ақкөл қ. А. а- ның жері (абсбиікт. 200 — 400 м) ұсақ, шоқылы, белесті болып келеді. Орт. бөлігінде Домбыршы тауы (471 м) орналасқан. Кен қазбалардан: алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа темп-расы -17—18°С, шілдеде 19—20°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 350 — 400 мм. Басты өзендері: ҚалқұтанТалқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен, сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, БалықтыкөлШортанкөлЖарлыкөл. Жер асты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы — карбонатты, сортаң, оңтүстікке қарай қара. Өсімдіктерден: түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сулыбас, т.б. өседі. Орманының ауданы 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақ тиін, дала тышқаны, өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. 1970 жылмен салыстырғанда аудан тұрғындары алыс және жақын шетелдерге қоныс аударуға байланысты едәуір кеміді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 кмжерде 6 адам (1997). Ауд. орталығында жөндеу-мех., темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт з-ттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 3 орман шаруашылығы, баспахана жұмыс істейді. А. а-ның тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. А. ш. жерінің ауд. 567,2 мың га (1997), оның 226,0 мың га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. А. а-нда 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, аудандық мамандандырылған бірлестік, қожалық, акцион. және кооп. ш-тар құрылған. Егіншіліктен, негізінен, дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал ш. бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Аудан обл. орталығы мен елді мекендермен темір және автомоб. жолдары арқылы қатынасады. А. а-нда кәсіптік-техуч-ще, ірі елді мекендерде орта мектептер, бала бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Аудандық “3намя Родины” газеті шығады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *