АҚКӨЛ — Павлодар обл-ның Екібастұз қ-лық әкімш. қарайтын ауыл. Екібастұз қ-нан солт.-батысқа қарай 80 км жерде Шідерті өз-нің сол жақ жағасында орналасқан. Жа- нынан Екібастұз — Ақтоғай автомоб. жолы өтеді. Тұрғыны 1,2 мың адам (1997). Іргесі 1935 ж. “Ақкөл” қой кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. 1997 жылға дейін кеңшар және ауылдық кеңестің орталығы болып келді. Кейін шаруа (фермер) қожалықтары құрылып, кеңес ауылдық әкімш. округінің орталығына айналды. А-де машина-трактор жөндеу шеберханасы, орта мектеп, клуб, учаскелік аурухана бар.