АҚКӨБЕЛЕК

АҚКӨБЕЛЕК (Pieridae) — көбелектер отрядына жататын ақшыл сары түсті көбелек. Қабыршақ қанаттылар отрядының құрамына кіреді. Оның дүние жүзінде 100 шақты түрі бар. Қазақстанда 70 түрі кездеседі. Қанаттарының ішкі шеті тегіс, түсі ақ, жайған кезде ұз. 55 — 60 мм болады. Жұлдыз құрттарының үстін қысқа, біркелкі барқыт тәрізді түк басқан. Денелерінің ұз. 40 — 70 мм келеді. Қуыршақтарының қара қоңыр, сұрғылт немесе ашық жасыл түсті дақтары бар. Зиянды түрлеріне капуста, шалқан, тырна долана А-і, т.б. жатады. Олардың жұлдызқұрттары шаршы гүлділердің, көбінесе, капустаның жапырағын жеп, зиян келтіреді. Капуста А-нің қанатының ұз. 60 мм-ге тең, жылына 3 — 4 рет көбейе алады. Дернәсілдері ағаш діңі мен бұта сабағында, үй керегесінде, дуалдарда қуыршақ күйінде сақталады. А-пен күресу шаралары: ауыспалы егіс жүйесін сақтау, өсімдік қалдықтарын тазартып, терең етіп сүдігер жырту, арам шөптерді құрту, өсімдіктердің қатар аралығын дер кезінде баптау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *