АҚКЕСЕНЕ — ертедегі қамал-қаланың орны. Жамбыл обл. Талас ауд. Үшарал мекенінде орналасқан. Алғаш 1896 ж. археолог В.А. Каллаур зерттеген. Жобасы төртбұрышты, көлемі 100×100 м, айналасы дуалмен қоршалған. Солт.-батысында шикі кірпіштен салынған мұнара бар, биікт. 9 м. Қазба жұмысы кезінде табылған заттай деректер мен қалану әдісіне қарағанда, дуал 18—19 ғ-да салынғанға ұқсайды. Ал қамал одан бұрын, 12 — 13 ғ-да тұрғызылған. Бірақ табылған материалдар өте аз болғандықтан, бұл мерзім- дерді дәл айту қиын.