АҚИНАҚ

АҚИНАҚ — көне скиф, сақ, сармат жауынгерлері қолданған қанжар және қысқа семсер. А. б.з.б. 5 — 3 ғ-да қолданылған. Оның ұз. 40 — 50 см, қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген. Көне А-тың балдағы бүршік, жүрек тәріздес болып келеді. Қыны ағаштан жасалып, терімен қапталып, қызыл түске боялған. Белге тағу үшін скиф А-тарында қынының ауыз тұсында бір құлағы, ал сақ, сармат А-тарында аузы мен түбінде бірдей қос-қостан құлағы болады. А. оң жаққа белдікке тағылып, қынының құлақтарындағы қайысбау арқылы оң санға байланған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *