АҚЖОЛАҚ САСЫР (Ferula leucographa)

АҚЖОЛАҚ САСЫР (Ferula leucographa) — сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Талас Алатауының батыс бөлігінде (Машаттауда), Қаратаудың оңт.-шығысындағы (Үлкен бурыл тауы) қиыршықты тасты тау бөктерлерінде өседі. Биікт. 1 м-дей, дара, кейде бірнеше сабақты болады. Сабағының жоғарғы жағы (ұшы) сыпыртқы пішіндес жапырақсыз келеді. Ірілі-ұсақты жапырақтары тілімделген. 10 — 12 ұсақ гүлден тұрады. Гүл шоғыры шатырша тәріздес. Тұқымынан көбейеді. Тұқымы — дәнек. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. А. с. өте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *