“АҚЖОЛ” — Жамбыл обл. әкімшілігі мен мәслихатының газеті.

“АҚЖОЛ” — Жамбыл обл. әкімшілігі мен мәслихатының газеті. 1922 ж. 1 мамырда Әулиеата уездік, қалалық партия к-тінің, уездік кеңес атқару к-тінің органы ретінде “Кедей еркі” деген атпен жарық көрген. Кейін “Еңбек” (1924 — 28), “Дихан дауысы” (1929 — 31), “Колхозшы” (1931 — 39), “Колхоз жолы” (1940), “Комммунист” (1940-45), “Сталин жолы” (1945 — 58), “Еңбек туы” (1958 — 90) аталған. 1990 ж. бастап осы атымен шығып келеді. Көлемі 4 бет, қалыбы — А2. Газет обл-тың экон., әлеум.-саяси өміріндегі өзгерістерді, шаруашылықты жүргізудің нарықтық тәсілдерін енгізудегі елеулі жетістіктермен қатар қиындықтарды да дәйекті жазып келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *