АҚЖЕМ 

АҚЖЕМ еттен жасалынатын құс жемі. Ол бірнеше сағат бойы суық суға салынып, қан-сөлінен әбден арылған малдың не аңның шабақталған шикі етінен жасалады. Әбден үйретіліп, бабына келтірілген бүркітке, сұңқарға, ителгіге, қаршығаға, т.б. аңшы құстарға беріледі. А. құсқа артық май бітірмей, үнемі жаратып ұстауға мүмкіндік береді. А. жеп бабында жүрген құс аңға салғанда барлықпайды.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *