АҚЖЕЛКЕК, ж е л к е к

АҚЖЕЛКЕК, ж е л к е к (Armoracia) — орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның барлық аудандарында егіледі. Оның бір түрі к ә д і м г і А. (А. rustiana) жабайы түрінде бақтарда, егістіктерде өседі. Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдан өсіріледі. А-тің биікт. 1 м-дей, сабағы тік, жоғары жағы бұтақты келеді. Тамырға жақын өскен жапырақтары сопақша, жұмыртқа пішінді, ортаңғы сабақтан шыққан жапырақтары ұзынша қандауыр, ал сабақ ұшындағы жапырақтары таспа тәрізді, жиектері тегіс, кейде тісшелі болады. Гүлі ақ түсті, хош иісті. Тұқым салмайды. Маусымда гүлдейді, өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Суыққа төзімді. Оның тамыры мен жапырақ құрамында минералды тұздар (калий, натрий, фосфор, темір, хлор, мыс), эфир майы, С витамині, фитонцидтерлизоцим ферменті, т.б. бар. А-тің тәбет ашатын ерекше иісі оның құрамындағы аллил майы мен глюкозид-сингринге байланысты. А. көкөніс, дәрілік заттар ретінде қолданылады, тамыры мен жасыл жапырағы қияр, томат, саңырауқұлақтарды тұздап, бұқтырғанда пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *