АҚЖАР МҰНАЙ КЕНІ

АҚЖАР МҰНАЙ КЕНІ — Ақтөбе обл-ндағы Жарқамыс кентінен солт-ке карай 30 км жерде, тұз күмбезінің үстіңгі қабаттарында орналасқан ірі мұнай кен орны. А. м. к. сейсмикалық зерттеулер арқылы 1961 ж. ашылған. Барлау жұмыстары 1962 — 1968 ж. жүргізілген. А. м. к-нің төсеніші болып табылатын тұз күмбезі 451 — 1248 м тереңдікте жатыр, оның биікт. 800 — 1000 м шамасында. Мұнайлы қабаттар 273 — 515 м тереңдікте кездеседі. Олар саз қабаттары бар құмтас пен алевриттен тұрады. Юра кезеңі шөгінділерінің орташа қалыңд. 6— 40 м; мұнайлы қабаттың қалыңд. 7 — 15,6 м. Ашық кеуектілігі 16 — 27%, өткізгіштігі 0,8 — 0,32 мкм2, мұнай сіңіру коэффициенті 0,6—0,87. Мұнай тұтқыш қабаттар тектоник. жарықтармен шектелген. А. м. к-нің мұнайы ауыр (0,867 — 0,907 г/см3), күкірті (0,14%) мен парафині (0,52 — 2,06%) аз, мол шайырлы (15 — 21,5%), тұтқырлығы жоғары келеді. А. м. к-нің солт. қанатындағы бастапқы қабат қысымы 4,6 — 4,8 мПа, темп-расы 31—32°С болған. Ұңғымалардың тәуліктік өнімд. 12,8 — 14,8 м3— ден (солт. қанатында) 86 м3— ге (оңт.-шығыс қанатында) дейін өзгереді. А. м. к. толық барланған, игерілуге дайын. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *