АҚЖАРМА

АҚЖАРМА — Қызылорда обл-ның Сырдария ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығынан 18 км жерде, Ақжарма каналы жағалауында, шөл белдемінде орналасқан. Іргесі 1957 ж. ұсақ артельдер негізінде ұйымдасқан Ленин атынд. ұжымшар орталығы ретінде қаланды. Тұрғыны 2,9 мың адам (1997). Ауылда күріш ақтайтын 4 цех, ұн тартатын диірмен, макарон цехы жұмыс істейді. Орта мектеп, ауылдық емхана, мәдениет үйі, кітапхана, монша, мешіт бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *