АҚЖАР

АҚЖАР — Қызылорда обл— ның Қармақшы ауд-ндағы ауыл. Аудан орталығы — Жосалы кентінен оңт.-батысқа қарай 55 км жерде, құмдақ шөлді белдемде орналасқан. Іргесі 1957 ж. шағын ұжымшарлар негізінде қаланған. “Ақжар” өндірістік қой кең- шарының орталығы болды. 1997 жылдан “Ақжар” өндірістік серіктестігінің және ауылдық әкімш. округінің орталығы. Орта мектеп, клуб, балалар бақшасы, учаскелік аурухана, күріш ақтайтын, ұн тартатын диірмендер, соңғы технологиямен жабдықталған сүт з-ты жұмыс істейді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *