АҚЖАР

АҚЖАР — Алматы обл-ның Қарасай ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің ор- талығы. Аудан орталығы — Қаскелең қ-ның шығысында 15 км жерде, Ақсай өз-нің оң жағалауында орналасқан. Тұрғыны 4,0 мың адам (1997). Іле Алатауының тау етегіндегі ыл— ғалды қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Елді мекенде орта мектеп, кітапхана, клуб, кинотеатр, аурухана, т.б. мәдени және мед. мекемелері бар. А. тұрғындары аудан ор- талығы — Қаскелең және Алматы к-ларымен автомоб. жолы арқылы қатынасады.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *