АҚЖАР — Оңт. Қазақстан обл-ның Сарыағаш ауд-ндағы ауыл. Ақжар ауылдық әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығы — Сарыағаш қ-нан солт.-батысқа қарай 40 км жерде, өлең, қоңырбас шөп аралас өскен қызғылт қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан. 1990 ж. дейін Степное а. деп аталды. Тұрғыны 4,4 мың адам (1997). Ауылда а. ш. өнімдері, көкөніс өндіретін шаруашылық жұмыс істейді. А-да қонақ үйі, мектеп-интернат, кітапхана, перзентхана, т.б. мекемелер бар. А. ауылы арқылы Ташкент — Шымкент автомоб. жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.