Шетелде қалай тегін білім алуға және тәжірибеден өтуге болады?

Lazarski University қорының мақсаты – талантты, ынталы, қоғамдық жұмыстарда белсенді және ең бастысы, оқу ақысын төлеуге жағдайы жетпейтін жастарға арнап бакалавриат және магистратура деңгейінде білім беру.

Үміткерге қойылатын талаптар. Университетке электрондық өтініш жіберу керек. Негізгі талап – аттестат (бакалавриат деңгейіне) пен дипломның (магистратура) орташа балының жоғары болуы, сапалы мотивациялық хат, жетістіктері мен ағылшын тілін білу деңгейі.

Қаржыландыру. Грант көлемін үміткердің мотивациялық хаты пен жетістігіне байланысты арнайы комиссия анықтайды. Ең көп дегенде бір адамға 1 миллион 900 мың теңге шамасында қаржы бөлінеді.

Өтінішті қалай толтыру керек? Электрондық өтінішті толтырып, сіздің жетістіктеріңіз, диплом немесе аттестаттың бағаларын және отбасыңызға ай сайын түсетін табыс көлемін растайтын құжаттар міндетті түрде көрсетілуі керек.

Құжаттарды тапсыру мерзімі  – 9 қазанға дейін.

9 қазаннан кейін комиссия іріктеуден өткен үміткерлермен Skype арқылы байланысады. Онда үміткер жетістіктері мен қызығушылықтарын айтуы қажет.

Жеңімпаздардың есімі 9 қарашада университет сайтында жарияланады.

University of British Columbia (Канада, Ванкувер)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *