АҚЖАЛ

АҚЖАЛ — Қарағанды обл- ның Шет ауд-ндағы кент. Аудан орталығы — Ақсу — Аюлының оңтүстігінде 137 км жерде белесті өңірде орналасқан. Ең жақын т. ж. стансасы — Ағадыр (120 км). Іргесі алғаш полиметалл кенін өндіретін кен орны ретінде қаланған, 1964 ж. кентке айналған. Тұрғыны 4,0 мың адам (1997). А-да қорғасын, мырыш өндіріліп, Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинатына балқытуға жіберіледі. Байыту комбинаты, орта мектеп, клуб, кітапхана, аурухана бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *