АҚЖАЛ — ІІІығыс Қазақстан обл-ның Жарма ауд-ндағы кент. Ауд. орталығы — Георгиевка а-ның оңт.-батысында 20 км, Жаңғызтөбе т.ж. ст-нан 15 км жерде, Жіңішке және Бөке өз-нің аралығындағы дала белдемінде орналасқан. Іргесі алғаш алтын өндіру кеніші ретінде қаланды. 1934 жылдан бері кент. Тұрғыны 0,9 мың адам (1997). А-дан 20 км жерде Бөке кенішінің ф- сы, Оңт. Қалба геол. іздестіру партиясы бар. А-да орта мектеп, клуб, дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Тұрғындар Георгиевкамен, Жаңғызтөбемен және Семей қ-мен автомоб. жолдары арқылы байланысады.