“АҚЖАЙЫҚ” — ас қорыту, қан айналыс органдары, эндокриндік жүйе, аяқ-қол, буын, жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған санаторий. Жайық өз-нің сол жақ жағалауында Орал қ-нан 48 км жерде орналасқан. 1985 ж. ашылған. 160 емдеу орны бар (1997). Жыл бойы жұмыс істейді. Орташа ауа темп-расы: қаңтарда —14°С, шілдеде 22,6°С. Жауын-шашын мөлш. 305 мм. Күн жылына орта есеппен 2359 сағ ашық болады. Ем ретінде денсаулыққа қолайлы климатпен қатар хлор, магний, натрий, темір, аммоний аралас минералды су пайдаланылады. Сонымен қатар парафинмен емдеу, аппаратты физиотерапия әдістері, емдік дене шынықтыру қолданылады. Санаторийдің 10 орындық бальнеологиялық емханасы бар.