АКДӨҢ ҚОРЫҚШАСЫ

АКДӨҢ ҚОРЫҚШАСЫ — республикалық маңызға ие зоологиялық қорықша. Қарағанды обл-ндағы Ерейментау тауының орт. бөлігінде 1971 ж. ұйымдастырылған. Ауд. 3000 га. Қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде “Белодымский” деп те айтылады. Қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай Тасбұлақ өз. ағады. Мұнда далалық селеулі өсімдіктер басым. Кей жерінде итмұрын, үшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты үшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, долана, қандыағаш өседі. Жануарларға да бай. Құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл, т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (ақ қоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, ақ қалақ, сасық күзен, т.б.) мекен етеді. Қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген (1996).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *