АҚБҰЛАҚ — Оңт. Қазақстан обл-ның Сайрам ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Облыс орталығы — Шымкент қ-нан 40 км-дей, аудан орталығы — Ақсу кентінен оңт.-шығысқа қарай 75 км жерде, әр түрлі астық тұқымдас шөп пен шоқ бұта өскен қоңыр топырақты дала белдемінде орналасқан. 1990 ж. дейін Самсоновка а- ы деп аталып келді. Тұрғыны 5,0 мың адам (1997). Бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдасқан а.ш. өнімдерін өндіретін өндірістік кооп. жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, мәдениет үйі, аурухана, дәріхана, балабақша бар. Тұрғындары аудан орталығы мен елді мекендерге ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.