АҚБЕЙІТ

АҚБЕЙІТ — Ақмола обл-ның Астрахан ауд-ндағы кент, Ақбейіт әкімш. округінің орталығы. Аудан орталығы — Астраханка а-ның солт.-шығысында 30 км, Астана қ-нан солт.-батысқа қарай 111 км жерде орналасқан. Жақын т. ж. стансасы — Жалтыр (18 км). Тұрғыны 1,0 мың адам (1997). Іргесі 1957 ж. Ақбейіт алтын кен орнының дамуына байланысты қаланған. Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, қонақүйі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *