АҚБАУЫР АЙҚАБАҚ

АҚБАУЫР АЙҚАБАҚ (Aroephalus stentoreus) — торғай тәрізділер отрядының сандуғаштар тұқымдасына жататын құс. Ол Орта Азияның және Қазақстанның оңт. өңіріндегі Сырдария, Келес, Арыс, Шу, т.б. өзендердің жағалауындағы қалың қамыс өскен жерлерде тіршілік етеді. А. а-тың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. Жылына қанша рет көбейетіні де анықталмаған. Оның арқа жоны сарғыш қоңыр, бауыры ақшыл, тұмсығы қара қоңыр болады. Дауысы ащы. А. а. — жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді де, қыркүйекте Оңт. Азияға, Африкаға қыстауға ұшып кетеді. Ұясын қамыс сабақтарының басына тостақ пішінді етіп салады. Жылына 4 — 6 жұмыртқадан табады. Ұсақ жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен қоректенеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *