Менторлық (тәлімгерлік) бағдарламасы бойынша хабарландыру

British Council (Британ Кеңесі) «I-SEED: инновация- әлеуметтік кәсіпкерлік және білім» жобасының шеңберінде менторлық бағдарламаға өтініштер қабылдау жүріп жатқанын хабарлайды. Жоба «Шеврон» компаниясының және Атырау облысы әкімдігінің серіктестігімен ұйымдастырылады.

Менторлық бағдарлама кезеңі 2019 жылдың 29-шi қаңтарынан 29-шы наурызға дейін.

Қатысу процесінде жастар Атырау қаласының тәжірибиелі кәсіпкерлерінен менторлық кеңес алады. Менторлық кеңеске мыналар жатады:

1. Сіздің стартап бойынша жеке және/немесе топтық кеңестер

2. Тәлімгерлік бағдарламадан сәтті өткен жағдайда, қатысушылар үздік стартап конкурсына қатысуға мүмкіндік алады және ақшалай жүлдені ұтып алуға болады.

3. Сіздің жобаңыздың питчингі (презентация) бойынша кеңестер 

4. Менторлық бағдарламасынан өткендегі жөнінде сертификаттар

Менторлық бағдарламасына қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

1.Ынталандыру (мотивация)

2.Әлеуметтік кәсіпорын құру туралы бизнес идеясы болуы қажет

3.Тәжірибелік мәселелерді шешу қабілеті

4. Жасы 16 жастан 25 жасқа дейін

5.Атырау қаласының тұрғыны болуы

Менторлық бағдарламаға қатысу үшін толтырылған сауалнаманы мына электрондық мекен — жайға: Nauryz.Kuspangaliyev@kz.britishcouncil.org жіберіңіз. 

Егер қатысушының жасы 18-ге толмаған болса, сауалнаманы ата-анасы немесе қамқоршысы толтырады.

Толтырылған сауалнама 2018 жылдың 25-ші қаңтар сағат 23.59-ден (Атырау уақыты) кешіктірілмей жіберілуі тиіс.

British Council тең мүмкіндіктер саясатын ұстанады жəне ұйым ішіндегі əр сатыдағы қоғамның əртүрлі деңгейін көрсетуді көздейді. Біз барлық топтардың өтініштерін қабылдауға дайынбыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *