АҚБАСТАУ — Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-ның батысындағы өзен. Шет ауд-ның солтүстігіндегі Жақсы Қаражал тауының бұлақтарынан басталып, Жуантөбе, Егізқызыл тауларының батыс тұсында Нұра өз-не құяды. Ұз. 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. Жылдық орташа су ағынының мөлш. 0,18 м3/сек. Сол жағынан Айнасу, Қамыстыбұлақ, оң жағынан Қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. Желтоқсанның 1- жартысында қатып, сәуірде ериді. Аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. Жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан, жайылым ретінде пайдаланылады.