АҚАРАЛ

АҚАРАЛ — Жамбыл обл-ның Меркі ауд-ндағы ауыл. Сарымолдаев ауылдық әкім. округіне қарайды. Жусан, еркек шөп аралас өскен шөлейтті белдемде орналасқан. Жақын т.ж. ст. — Меркі (14 км жерде). Тұрғыны 2,1 мың адам (1997). А-да бұрынғы шаруашылық негізінде ұйымдасқан өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Орта мектеп, емхана, клуб, т.б. мекемелер бар. А. арқылы Тараз — Қордай автомоб. жолы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *