“АҚАН СЕРІ — АҚТОҚТЫ” трагедия (авт. Ғ. Мүсірепов, премьерасы 10.3.1942 ж. болды, реж. М. Гольдблат, суретшісі Э. Чарномский). Спектакль кезінде қазақ сахна өнеріндегі биік белес болып бағаланды. Ақан рөлін — Ш. Айманов, Ақтоқты — Ш. Жандарбекова, Науан Хазірет Қ Бадыров, Жалмұқан — Е. Өмірзақов, Қоңқай — С.Қожамкұлов, Мылқау балуанды Қ. Қуанышбаев ойнады. Бостандық пен әділет, махаббат пен өнер еркіндігі үшін күресті суреттейтін А. с. — А. трагедиясы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде көрсету үшін “Ақын трагедиясы” деген атпен қайта қойылды. Бірақ 1942 жылғыдан айырмашылығы аз. Кейінірек рөлдерге басқа актерлер қосылып, Хазіретті — Қ. Әділшінов, Сердәліні — Қ. Қармысов, Дәмеліні — Р. Қойшыбаева, Балуанды — Ы. Ноғайбаев, Жалмұқанды — М. Сүртібаев, Ақанды — Ш.Мусин ойнады. 1972 ж. спектакль қайта қойылды.