АҚ АМУР 

АҚ АМУР (tenopharyngodon idella) — тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. Қазақстанда Балқаш — Іле су алабыңда, Сырдария өз-нде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салм. 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұрты жоқ, 167 мандайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3-6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Мамыр — шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. Уылдырық ағыспен ағып, су қабатында дамиды. Шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға, т.б.) қоректенеді. А. — кәсіптік маңызы бар балық. Тоғандық балық шаруашылығында тұқымымен бірге өсіріледі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *