АҚ АЛЫП ШЫҒУ — қазақ халқының бірлігі мен мейірбандығын танытатын рәсім- дерінің бірі. Ертеректе іргесіне көшіп келе жатқан ауылдың алдынан “Көш байсалды болсын!”, — деп, қазақ үшін ас атаулының киелісі А. а. ш. дәстүрі болған. Көшіп келе жатқандардың көшбасшысы көлігінің бұйдасын ұстап қарсы алғаннан кейін, екі ауылдың аналары көштегілерді аялдатып, сабадағы қымыз бен дастархандағы еттен ауыз тиген. Қазақта тұсынан өтіп бара жатқан көшке ақ алып шықпау әдепсіздікке саналған. Көңілінде дығы бар, береке жағына беттемегендер ғана бұл рәсімге бой ұрмаған. Қоғам дамуы барысындағы жағдайларға байланысты А. а. ш. рәсімі ұмытыла бастады.