АҚАЙ ТӨБЕ

АҚАЙ ТӨБЕ — көне қала орны. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд. Шәуілдір қыстағынан оңт-ке қарай 7 км жерде, Арыс өз-нің төменгі ағысының сол жағалауында орналасқан. Алғаш 1969 — 70 ж. К.А. Ақышев басқарган Отырар археол. экспедициясы зерттеген. Қаланың қазіргі орны 25 м аумақты алып жатыр. Орт. қорғанның биікт. 8 м, шахристанның ұз. 80 м, қоршай салынған рабадтың ұз. 150 — 200 м. А. т-ден қыш құмыра, қол диірмен, темірден жасалған ыдыстар, күбі көзелердің қалдықтары табылған. Археол. зерттеулерге қарағанда қала б.з.б. 1 — б.з. 7 — 8 ғ. аралығында болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *