АҚАЖАНСАЙ ДАРИЯ

АҚАЖАНСАЙ ДАРИЯ — Қызылорда обл. Қазалы ауд-ндағы Сырдария өз-нің тармағы, ескі құрғақ арна. Үз. 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен су ағады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдердің әсерінен А. д. арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең өрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілік бөлігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *