АҚАЕВ Асқар (10.11.1944 ж.т., Қырғызстанның Кемин ауд. Қызыл байрақ а.) — Қыр- ғыз Республикасының тұңғыш Президенті, қоғам қайраткері. Тех. ғыл. докт., проф. Қырғыз Респ. ҒА-ның акад. (1984). Ленинград механика және оптика ин-тын бітірген (1967). Бішкек политех. ин- тында ұзақ уақыт ғыл. және ұстаздық қызмет атқарды. 1981 ж. Мәскеу инж.-физ. ин-тында докт. диссертация қорғады. 1986 ж. Қырғызстан компартиясы ОК-нің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылды. 1987 ж. Қырғызстан ҒА-ның вице-президенті, ал ж. президенті болып сайланды. 150-ден астам ғыл. еңбектің, оның ішінде 15 моногр., оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Кванттық электроника, голография жөне ЭВМ мәліметтерін оптик. өңдеу мәселелерін ғылыми негіздеген. Нью-Йорк, Ислам және т.б. шетел академияларының мүшесі, Мәскеу мемл. ун-тінің құрметті проф. (1992). 1990 жылдың қазан айында Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс 2-сессиясында Қырғыз Респ-ның Президенті болып сайланды. 1991 ж. бүкілхалықтық сайлауда және 1995 жылы өткізілген референдумда А-тың Қырғыз Респ-ның Президенті өкілеттілігі қуатталды. 1995 ж. 24 желтоқсанында екінші мерзімге қайта сайланды. 1991 ж. А. халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықтың нығаюына, ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін “Латын Америкасы бірлігі үшін” Ассоциациясының “Гранд Кросс (Үлкен Крест) бостандық және бірлік үшін” орденімен марапатталды. 1995 ж. егемен мемл-тің қалыптасуына сіңірген зор еңбегі үшін кезінде Дж. Нерудің ұсынысымен құрылған Халықар. бірлік қорының, 1996 ж. маусымда Кранс- Монтана дүн. жүз. форумының сыйлығына ие болды. Білім беру, индустрия және өнертану ғылымдарының халықар. академиясы қырғыз филиалының құрметті мүшесі болып сайланды. Сол жылы қазанда А-қа Халықар. инженерлік академияның Құрметті акад. атағы берілді. Президент А. Қырғызстан халқының әл-ауқатын жақсартуға, нарықтық экон. үшін қолайлы мүмкіндіктер жасауға, әлемдік шаруашылық байланыстарына бірігу жағдайында ұлттық бизнестің мүддесін қорғауға ұмтылып, оң өзгерістерге әкелетін әлеум.-экон. реформаларды тиянақты түрде жүзеге асыруды қолға алды.
А. ұлттық тәуелсіздік және халықаралық ынтымақтастық мәселелерін ұштастыра білген ғалым-қайраткер. Сыртқы саясатта бейбітшілікті, бітімгершілікті сақтауға, Орталық Азия кеңістігіндегі мемл-тер арасында татулық, достық пен түрлі саладағы өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге баса көңіл бөлді. Ол ТМД елдері арасында ынтымақтастықтың, Орталық Азия мемлекеттері одағының, Кеден одағының негізін қалап, нығайтушылардың бірі. Ол ұстанған интегр. процестердің маңызды көрінісі — құрамына Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстан енген Ортаазиялық бірыңғай экон. кеңістіктің құрылуы болды (30.04.1994 ж.). А-тың белсене қатысуымен Қырғызстанның ТМД елдерімен экон. мен мәдениет салаларындағы түрлі қарым-қатынастарын анықтайтын бірқатар екі жақты және көпжақты келісімшарттарға қол қойылды. Н. Назарбаев ұсынған Еуразиялық одақ жобасын қолдады. А-тың сыртқы саясатында Қазақстанға ерекше орын беріліп, ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ортақ тарихы, діні, мәдениеті бар бауырлас екі халықтың туыстық қарым-қатынасын дамытып, қазақ елімен стратег.серіктестік орнатуға үлкен көңіл бөлінді. 1991 — 97 ж. Қырғыз Респ. мен ҚР- ның көп қырлы қарым-қатынасын нығайта түскен 80-нен астам мемлекетар. келісімшарттарға қол қойылды. 1993 ж. 8 маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев пен Қырғызстан Президенті А. “Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы шартқа” қол қойды. 1997 ж. 8 сәуірде екі туысқан елдің Президенттері Алматыда “Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы мәңгі достық туралы шартты” бекітті. Бұл келісімдер екі мемл-тің аймақта, Еуразия континентінде және ғаламдық көлемде бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру мақсаттарында өзара бірлесіп іс-қимыл жасайтындықтарын жария етті. Қазақстан — Қырғызстан қарым-қатынастарының достық сипатына қуатты серпін беретін бұл келісімдерде екі елдің өзара қатынастарында және халыкар. қызметте достас, туысқан мемл-тер ретінде әрекет жасайтындықтары және өздерінің қатынастарын тәуелсіздікті, мемл. егемендікті, тең құқықтықты және бір-бірінің ішкі істеріне араласпаушылықты құрметтеу принциптері негізінде дамытатындығы атап көрсетілді. Жалпы алғанда, Қырғызстанда тәуелсіздік алғаннан бергі мерзім ішінде А-тың басшылығымен нарықтық шаруашылықтың негізі қаланды, ел өмірін демокр-ландыру процесі табысты жүргізіліп, Қырғыз Респ-ның халықар. қауымдастықтағы беделі өсті.