АКЦЕССОР МИНЕРАЛДАР

АКЦЕССОР МИНЕРАЛДАР, акцессориялар (латaccessorius — қосымша) — тау жыныстары құрамында өте аз (мөлш.1%-тен аспайды) тараған минералдар. А. минералдар тау жыныстарын құрайтын минералдар құрамына кірмеген сирек және кентасты элементтердің минералдық шашырауы мен шоғырлануының ерекше түрі болып табылады. А. минералдарға апатит, циркон, турмалин, танталит, анартастар, ортиттита— нитфлюорит, топаз, магнетит, ильменит, пирит, рутилмонацитсфен, т.б. жатады. Тау жыныстары бұзылғаңда А. минералдар әдетте тотығу белдемінде жиналады, кейде өндірістік маңызы бар кендер түзеді. Әсіресе, сирек металды А. минералдардың (танталниобаттар) маңызы зор. Сонымен бірге олар стратиграфиялық және петрографиялық корреляттауда, тау жыныстарының жасын анықтау үшін қолданылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *