АКЦЕПТІК ВЕКСЕЛЬ

АКЦЕПТІК ВЕКСЕЛЬ (ағылшассерtапсе bill) — төлем иесінің (трассаттың) төлеуге деген келісімі (акцепті) бар вексель. Акцептік вексельде әдетте “акцептелген”, “қабылданған”, “төлеуге міндеттенем” деген жазу не төлеушінің қолы болуы керек. Төлеуші белгілі бір мерзімде төлеуге жауап беретін акцептші, не вексельдің басты борышқоры болып табылады. Егер төлем уақытында төленбесе, вексель иесі акцептшіге қарсы іс қозғауға құқылы. Женева конвенциясына сәйкес вексель түрін заңды бірыңғайлау мақсатында акцепт шүбәсіз болуы керек, бірақ ол вексель сомасына шектеулі болуы мүмкін (жартылай акцепт). Сауда келісідеріне негізделген акцептелген вексельдер (коммерциялық вексель) есепке алу және берілетін несиелерді қамтамасыз ету мақсатымен коммерциялық банкерде қабылданады. Қысқа мерзімдік вексельдер орталық банктерде қайта есептелінеді. Банкілердің акцептелген вексельдері әдетте олардың өзара несие берулерінде пайдаланылады; қ. Вексель. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *