АКЦЕЛЕРАТТАНУ а к ц е л е р а ц и я (лат. acceleratio — жылдамдау, үдеу) — 1) б и о логияда — организмнің шектен артық тез өсіп жетілуі. Онда организмнің белгілі даму сатысында ұрықтың бір бөлігі тез жетіледі. Мыс., сүтқоректілердің сүт тісі негізгі тіс жетілгенше соның қызметін атқарады, кейбір балық түрлерінің омыртқа доғасы, қабыр- ғалары шеміршек сатысынан өтпей-ақ, бірден сүйекке айналады.
2)антропологияда — балалар мен жасөспірімдер бойының тез өсуі мен физио- логиялық құрылысының жетілуі. Мыс., 1930 ж-ға қарағанда, 1990 ж. 10 — 11 жастағы қазақ қыздарының бойы 13 см, дене салм. 8,9 кг-ға артқан. А-ға көбіне әлеум. жағдай өте күшті әсер етеді. А- ды түсіндіретін бірнеше ғыл. болжамдар бар (тамақтың сапасының жақсаруы, қоршаған ортаның әсері, әр түрлі аймақта тұратын адамдар арасындағы некенің көбеюі). А. барлық елде бар. Бірақ оның көрсеткіштері кішігірім қала мен ауылдық жерге қарағанда үлкен қалаларда жоғарылау болады.